Алтын Орданың ыдырау себептері:
1.Этникалық құрамы әр түрлі халықтар бір мемлекетте тұра алмады;
2.Шаруашылығының өркендеуі нашар болды;
3.Билік үшін талас күшейді;
4.Езілген халықтың азаттық күресі күшейді.
Соңғы ханы — Шейх Ахмет. Алтын Орданың тәуелсіз иеліктерге бөлінген кезі – XIV ғасырдың екінші жартысы. Ақ Орда, Хорезм, Еділ бұлғарлары т. б. Дербес мемлекеттер пайда болды. Бұлардың барлығы бұрын Алтын Орданың құрамында, кейіннен Алтын Орданың қазақстандық бөлігінде Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы сияқты мемлекеттер билік жүргізген.