1. Ол кісілердің жанында телефоныңызды қоя тұрыңыз.
2. Ол кісілердің айтқанын мұқият тыңдаңыз.
3. Пікірлерін құп көріңіз.
4. Әңгімелеріне қатысыңыз.
5. Оларға құрметпен қараңыз.
6. Оларды мақтаңыз.
7. Жақсы жаңалықтарыңызбен бөлісіңіз.
8. Жайсыз жаңалықтарды айтудан аулақ болыңыз.
9. Достары жайлы жақсы сөзде болыңыз.
10. Олар жасаған жақсылықтарды үнемі жадыңызда ұстаңыз.
11. Өткеннен жайсыз шақтарды ілестіріп жүруден сақ болыңыз.
12. Егер олар айтқан нәрсесін қайталап айтатын болса, тыныш отырып, алғаш тыңдағандай тыңдаңыз.
13. Ол кісілердің көзінше бөтен әңгімеден аулақ болыңыз.
14. Олардың пікірін елемей/сынға алушы болмаңыз.
15. Сөйлеген уақытында, сөздерін бөлуден сақтаныңыз.