23.11.2026
🇺🇸 USD/KZT: 455.00 ₸ ▲ 🇪🇺 EUR/KZT: 498.77 ₸ ▲ 🇷🇺 RUB/KZT: 5.56 ₸ 🇨🇳 CNY/KZT: 68.12 ₸ 🥇 АЛТЫН (1г): 40 010 ₸ ▲ 🥈 КҮМІС (1г): 474 ₸ ▲ 🛢️ BRENT МҰНАЙЫ: $87.95 🌤️ Астана: +6°C  |  Алматы: +9°C 🇺🇸 USD/KZT: 455.00 ₸ ▲ 🇪🇺 EUR/KZT: 498.77 ₸ ▲ 🇷🇺 RUB/KZT: 5.56 ₸ 🇨🇳 CNY/KZT: 68.12 ₸ 🥇 АЛТЫН (1г): 40 010 ₸ ▲ 🥈 КҮМІС (1г): 474 ₸ ▲ 🛢️ BRENT МҰНАЙЫ: $87.95 🌤️ Астана: +6°C  |  Алматы: +9°C
БАРЛЫҒЫ Ақпарат Саясат Қоғам Экономика Әлем Талдау Аймақ
Ақпарат

Абай облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында ашық есік күні өтті

Семей қаласының Водный кентінде 600 орындық жаңа мектеп ғимаратында ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім ордасының мүмкіндіктерін таныстыру мақсатында өтті. Жаңа үлгідегі үш қабатты №52 мектеп 2025–2026 оқу жылында ашылады. Бұл – жоба бойынша Абай облысындағы үшінші, Семей қаласындағы екінші мектеп. Бұған дейін…

14.08.2025 👁 533
Ақпарат

Қазақстанда Олимпиада жеңімпаздарына ай сайынғы төлем мөлшері бекітілді

Қазақстанда Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарында, сондай-ақ басқа да ірі халықаралық жарыстарда жүлделі орын алған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына төленетін ай сайынғы сыйақы мөлшері бекітілді деп хабарлайды Qazyr.kz Бұл ереже Мәдениет және спорт министрлігінің жаңа бұйрығында көрсетілген. Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін төлемдер көлемі: 1-орын —…

14.08.2025 👁 374
Ақпарат

Президент Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды. Облыс әкімінің айтуынша, биылғы бірінші жартыжылдықта өңірге 178 миллиард теңге (өсім – 29,5 пайыз) инвестиция тартылған. 2025-2027 жылдарға арналған инвестициялық портфель жасақталып, оған жалпы құны 2,6 триллион теңге болатын 128 жоба енгізілді. Олардың аясында 10,6 мың…

14.08.2025 👁 656
Ақпарат

Асылбек Ахметжанов Қазақстанның Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Үкімет қаулысымен Асылбек Амантайұлы Ахметжанов Оқу-ағарту вице-министрі қызметіне тағайындалды. Асылбек Ахметжанов 2025 жылдың ақпан айынан бері Оқу-ағарту министрлігінің архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаментінің директоры қызметін атқарған. Бұған дейін, 2024 жылдың шілдесінен бастап, ол Индустрия және құрылыс министрлігінің цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментін басқарған….

14.08.2025 👁 394
Ақпарат

Қазақстанда Starlink спутниктік интернет қызметтері іске қосылды

13 тамызда Starlink компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында спутниктік интернет қызметтерін ресми түрде ұсына бастады. Бұл еліміздің тұрғындарына SpaceX компаниясына тиесілі төмен орбиталы Starlink спутниктері желісі арқылы жоғары жылдамдықты және сенімді интернетке қосылуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі. Биыл 12 маусымда ҚР Цифрлық даму,…

13.08.2025 👁 262
Ақпарат

Қазақстанда 2025–2030 жылдарға арналған өңірлерді орнықты дамыту тұжырымдамасы бекітілді

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында өңірлерді орнықты және теңгерімді дамыту мақсатында жаңа тұжырымдама қабылданды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Президенттің тапсырмаларын орындау бойынша өткен Үкіметтегі баспасөз мәслихатында мәлімдеді деп хабарлайды Qazyr.kz 2025–2030 жылдарға арналған Өңірлік даму тұжырымдамасы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мен экономикалық әлеуетті ашуға бағытталған. Құжат аясында…

07.08.2025 👁 423
Ақпарат

«Ақ бидай – 2025»: Батыс Қазақстанда ауыл спортының мерекесі басталды

Орал қаласында «Ақ бидай» VIII облыстық ауыл спорты ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жарысқа Батыс Қазақстан облысының барлық аудандарынан келген 1000-нан астам спортшы қатысуда деп хабарлады Qazyr.kz Бұл шара ауылдық жерлерде бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұлттық спорт түрлерін насихаттауды мақсат етеді. Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі…

07.08.2025 👁 313
Ақпарат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті

Қазақстан Президенті Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына шақырғаны үшін Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты, – деп хабарлайды Qazyr.kz Қасым-Жомарт Тоқаев аталған іс-шара осы санатқа жататын елдердің жағдайына қатысты өзекті мәселелер туралы пікір алмасып, нақты шешімдер әзірлейтін маңызды алаң екеніне назар аударды. Кездесу барысында сауда-экономика,…

06.08.2025 👁 651
Ақпарат

«Суға батпайтын рух»: Ақназар Мүтәліпов Балқашты бір қолмен жүзіп өтті

Ақназар Мүтәліпов – бір қол, бір аяқпен 20 шақырым Балқаш көлін жүзіп өткен қазақстандық параспортшы. Ол бұл ерлігін 13 сағат ішінде аяқтап, шексіз ерік-жігер мен адам рухының күшін дәлелдеді. Ақназардың өмірі 2018 жылы түбегейлі өзгерді. Темір жол саласында жұмыс істеп жүрген кезінде түнгі ауысымда апатқа ұшырап, бір қолы мен бір…

05.08.2025 👁 404
Ақпарат

Айдар Әбілдабеков Сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Сауда және интеграция вице-министрі жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Qazyr.kz. Бұл туралы Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айдар Ахметбекұлы Әбілдабеков Сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалсын», делінген қаулыда. Айдар Әбілдабеков 1970 жылы дүниеге келген. Е. Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы коммерциялық құрылымдарда…

04.08.2025 👁 348
Ақпарат

Тоқаев Алматының жоғарғы бөлігінде көпқабатты құрылысқа мораторий жариялауды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдап, қала құрылысын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Qazyr.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында Мемлекет басшысы қаланың жоғарғы бөлігінде — экологиялық және табиғи маңызы жоғары аймақта — көпқабатты тұрғын үйлер мен нүктелі құрылыс жүргізуге мораторий енгізуді тапсырды. Бұл шектеу…

04.08.2025 👁 311
Ақпарат

«Еңбек – елдің тұғыры»: Журналистерге арналған байқауға өтінім қабылдау басталды

2025 жылғы 1 тамыздан бастап жұмысшы мамандықтар жылына орай журналистерге арналған байқауға өтінім қабылдау басталды. Бұл бастама ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен жүзеге асуда. Байқаудың негізгі мақсаты – елге адал еңбегімен үлгі болған қарапайым еңбек…

02.08.2025 👁 347
Ақпарат

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы баяндалды. Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығы, көктемгі әскер қатарына шақыру науқанының нәтижелері, әскери-патриоттық тәрбие жүйесін жетілдіру және әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыру шаралары жөнінде мәлімет берілді. Дәурен Қосанов Президент тапсырмаларының…

01.08.2025 👁 673
Ақпарат

Алматы мен Бейжің арасында жаңа әуе рейсі ашылды: стратегиялық әріптестікке жаңа серпін

2025 жылғы 30 шілдеде Алматы қаласынан Қытай астанасы Бейжіңге тікелей жаңа әуе рейсі іске қосылды. Бұл бағытты Қытайдың ұлттық әуе тасымалдаушысы — Air China компаниясы орындайды. Ашылу салтанатына Қытай Халық Республикасының Алматыдағы бас консулы Цзян Вэй ханым, Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсеитова, сондай-ақ Алматы халықаралық әуежайы мен авиакомпания…

01.08.2025 👁 211
Ақпарат

Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық іске қосылды

Қазақстан Республикасы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің құрылымында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық жұмысын бастайды. Жаңа құрылым азаматтардың сенімді ақпарат алу құқығын қамтамасыз етудегі маңызды элемент болады. Орталықтың негізгі міндеттері: жалған ақпаратты анықтау және оны жоққа шығару; азаматтарды маңызды тақырыптар бойынша объективті, тексерілген деректермен қамтамасыз ету; ақпаратты жауапкершілікпен тұтыну…

01.08.2025 👁 256
Ақпарат

Президент Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтың биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді. Мемлекет басшысына майлы және жем-шөп дақылдарының егістік көлемі ұлғайғаны туралы баяндалды. Әкімнің айтуынша, тұқым жаңарту деңгейі 11,2 пайызға жеткен, су үнемдеу технологиялары белсенді енгізіліп жатыр. «Кең Дала 2» бағдарламасы аясында шаруаларға 97 миллиард теңге бөлінген. Биыл мемлекеттік қолдау ауқымы…

31.07.2025 👁 381
Ресми серіктестік

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

Freedom Ertenmedia.kz
SAMRUK-KAZYNA
QAZYR MEDIA