Мәдениет

Ар, намыс туралы мақал-мәтелдер

Намысы бар жігіттің,

Нар күшіндей күші бар.

***

Намысы жоқ жігіттің намыспен не ісі бар?

***

Намысы бар жігіттің нар күші бар,

Намысы жоқ жігіттің қай күші бар?

***

Бар малын жейді,

Ұятсыз арын жейді.

***

Жақсы аттың жалын сақтағанша,

Жақсы жігіттің арын сақта.

***

Ұйқы арсыз,

Күлкі арсыз,

Тамақ арсыз.

***

Арлы арына қараса,

Арсыз «жеңдім» дейді.

***

Атты қамшы айдайды,

Ерді намыс айдайды.

***

Шөлдің қамысы болмайды,

Жаманның намысы болмайды.

***

Жолдас күту — жарға сын,

Жалған сөздік — арға сын.

***

Ар қиналмай, жан қиналмайды.

***

Арсызға сәлем — борыға, сөз — қулық.

***

Өлімге берер жаным бар,

Пендеге берер арым жоқ.

***

Адам санасын ар түзейді.

***

Рух пен намыс — егіз.

***

Арға — мінәжат.

***

Ар сатып ырыс жинама.

***

Ар жазасы бар жазадан ауыр.

***

Қызғаншақтың іші тар,

Болмас онда ұят-ар.

***

Нәпсі арды айыртқызбайды.

***

Қанша тұлпар десе де,

Мініп болмас жалсызды.

Қанша білгіш десе де,

Халық сүймес арсызды.

***

Адам болам десең,

Арыңды ақшаға сатпа.

***

Арсыз болса, қыз жаман,

Ақылсыз болса, ұл жаман.

***

Арын сатып ер болмас,

Ажарын сатып сері оңбас.

***

Мал сақтама, ар сақта.

***

Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен.

Ұқсас жаңалықтар

Жүсіпбек Аймауытұлы

Redaktor Site

Мейірбек Сұлтанхан — Қара өлең болса сырласым

redaktor_qazyr

Мұхтар Әуезов

Redaktor Site

Пікір жазу