Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Арыс,Бәйдібек,Ордабасы аудандарының аумағанда мал ұрлығымен айналысатын әккі ұрылар тобы ұсталып қалды

Арыс,Бәйдібек,Ордабасы аудандарының аумағанда мал ұрлығымен айналысатын әккі ұрылар тобы ұсталып қалды.Бұл туралы QAZYR.KZ хабарлайды.

Түркістан облысының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ордабасы, Арыс және Бәйдібек аудандарының аумағында мал ұрлаумен айналысатын адамдар тобының қылмыстық әрекетін тоқтатты.
Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы мен Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 3 күдіктіні, яғни 2-еуі бұрын сотты болған ер адамдарды ұстады.


Бүгінгі таңда жедел уәкілдер олардың шығыны 7 миллион теңгеге жуық болатын мал ұрлығының 10-нан астам фактісіне қатысы барын анықтады. Күдіктілер көбіне сиыр мен қой ұрлаған. Содан кейін ұрланған малды Шымкент қаласына өткізіп отырған.
Полицейлер тінту шараларын жүргізу кезінде ұрланған малдың бір бөлігін тәркілеп алып, заңды иелеріне қайтарып берді.Қазір күдіктілер қамауға алып,тергеу жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда жаңа мереке: Тазы мен төбет күні бекітілмек

redaktor_qazyr

Бектенов пен Мишустин Астанада экомикалық ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестікті дамыту жөнінде келіссөз жүргізді

admin_qazyr

Қазақстанда алғаш рет суперкомпьютерлік кластер іске қосылады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz