Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚоғам

Арыс қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

«АРЫС ҚАЛАСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ»,-деп хабарлайды Qazyr.kz тілшісі.

Ертең, 6 шілде Астананың 25 жылдығына орай, Арыс қаласындағы Арыс-1 вокзалы алдында (шатыр астында) ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Басталуы 8.00.

Шараны ұйымдастыруға жауапты ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының айтуынша, жәрмеңкеде 50-ге жуық азық-түлік өнім түрлері ұсынылып, баға 20-30 пайызға дейін төмендетіледі.

Сауда сөресіне бау-бақша мен көкөніс, ет өнімдері (жылқы, сиыр, қой), сүт өнімдері (құрт, ірімшік, қымыран), «Ордабасы құс» ЖШС құс өнімдерінің 30-40 түрі, жалпы жиыны 40 тоннаға жуық өнімдер шығарылады.

Дереккөз: Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Астана халықаралық форумын өткізуге 4,5 миллиард теңге бөлінеді

redaktor_qazyr

Монтайтастық әйелдің қолын күйдіріп алған Арыстық дәрігерлерге сөгіс берілді

redaktor_qazyr

Тамара Дүйсенова Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz