Qazyr.kz порталы
Басты ақпарат

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова әйелдер қауымын келіп жеткен «8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні» мейрамымен құттықтады.Бұл туралы QAZYR.KZ хабарлайды .

Бүгін, көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні. Айтулы мереке қарсаңында барша ақ жаулықты аналарды, аяулы қыз-келіншектерді төл мерекелереңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі қазақ қоғамында әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол сан түрлі мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесіне айналды. Олар қабілеті мен қарымына қарай көшбасшы бола алатынын дәлелдеді.

Арыс қаласының нәзік жандылары білім мен денсаулық, мәдениет пен әлеуметтік салаларының негізгі жүгін көтеріп келеді. Олар сонымен қатар шағын кәсіпкерлік саласында, ауыл шаруашылығын дамытуда елеулі жетістіктерге жетіп жүр.

Демек, арыстық қыз-келіншектеріміз отбасындағы ана, адал жар ғана емес қоғамымыздың қозғаушы күші ретінде де танылғанын мойындаймыз.

Қымбатты аналар! Аяулы асыл жандар! Сіздерді осы тамаша мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, мәңгілік сұлулық пен отбасы бақытын тілеймін.

Әрдайым жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден қуаныш кетпесін! Шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын!,- деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Павлодар облысына өрттен 500-ден аса қой-ешкі өртеніп кетті

redaktor_qazyr

Дональд Трамп президенттік сайлаудағы жеңісін жариялап, елдегі жағдайды түзететінін айтты

redaktor_qazyr

Шымкентте Ауыл шаруашылығы министрлігінің шенеуніктеріне қатысты үкім шықты

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz