Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Арыс қаласының аудандарына табиғи газ берілді

Арыс қаласындағы «Почтовый,Сырдария,ШПЗ,Хлопком,Барыс» аудандарына табиғи газ берілді.Бұл туралы QAZYR.KZ тілшісі Арыс қаласы әкімінің баспасөз хатшысына сілтеп хабарлайды.

Бір күнде 2000-ға жуық тұрғын үй,яғни 10 мыңға жуық халық көгілдір отынның рахатын көреді.

Тұрғындардың қуанышын бөлісуге облыс әкімі Дархан Сабыталды, қала әкімі Гүлжан Құрманбекова және қаламыздың зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Дархан Сатыбалды тұрғындарды мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.

«Баршаңызды қуанышты сәтпен құттықтаймын. Арыста соңғы жылдары көптеген оң өзгерістер орын алуда. Бүгін қуанышты жағдайдың куәсі болып отырмыз. Арыста тағы бірнеше тұрғынауданға көгілдір отын беріліп жатыр. Бұған дейін қатты отынды пайдаланып келген тұрғындар енді көгілдір отынның қызығына кенелетін болды. Жалпы өңірімізді газбен қамту мәселесі әкімдіктің басты назарында тұр. — деді өңір басшысы.

Бұл күнді тұрғындар көптен күтті. Әр шаңырақтың жылуын сақтап, түтінінің түзу ұшуына ұйытқы болып отырған ақ жаулықты әйел-аналарымызға газдың келуі үлкен қуаныш екені сөзсіз.

Айта кетейік, бүгінгі таңда қала бойынша Онтам, Алатау, Көктем-1, Көктем-2, Саяжай-2, Тараз тұрғын аудандары табиғи газға қосылған. Биыл жыл соңына дейін қала орталығы кезең-кезеңімен табиғи газға қосу жоспарлануда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан: «1-інші наурыздан бастап сағат тілі 1 сағат артқа жылжиды»

redaktor_qazyr

СҚО: «Гаражда туып,тастап кеткен» 25 жастағы әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

redaktor_qazyr

Шымкентте Ордабасы алаңындағы қоймаларының бірі өртеніп жатыр

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz