Qazyr.kz порталы
Саясат

Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі «пара беруге әрекеттенді»- деген күдікке ілінді

Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі «пара беруге әрекеттенді»- деген күдікке ілінді,- деп хабарлайды Qazyr.kz

Антикоррупциялық қызмет тергеп жатқан қылмыстық істерді жедел сүйемелдеу аясында сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметке араласуға бағытталған аса ауыр жемқорлық қылмыстар жасалынғаны анықталды.

Айталық, жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша пара беруге оқталған ҚР Мәдениет және спорт экс-министрі А.Мұхамедиұлының жұбайы әшкереленді. Сондай-ақ аталғандардың мүдделерін қорғауды жүзеге асырған адвокат алаяқтық пен пара беруге итермелеу күдігімен ұсталды.А. Мұхамедиұлының қылмыстық жазасын жеңілдету және қамаудан босату сылтауымен қорғалушының жұбайынан сот органдарының лауазымды адамдарына беру үшін пара ретінде 460 000 АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражат алған.

Тергеу амалдары барысында 255000 АҚШ доллары көлеміндегі қаражат анықталып, тәркіленді. Қалған соманы ол өз қалауы бойынша жұмсағаны анықталды.Сонымен бірге, Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен А. Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Экс-министрдің өкілі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Мұхамедиұлының жұбайы аса ірі көлемде пара беруге оқталуы бойынша күдікті болып танылды.»ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды» -деді,сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Дональд Трамп президенттік сайлаудағы жеңісін жариялап, елдегі жағдайды түзететінін айтты

redaktor_qazyr

25 жыл тоқтаусыз мал баққан малшыларды зейнетке ерте шығаруды ұсынды

redaktor_qazyr

Түймебаевты Кемел Тоқаевтың киесі ұрды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz