Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚоғамРуханият

Астанада АЭС-ке қарсы 378 дауыс қорытынды хаттамада есептелмей қалған болуы мүмкін

Астанада АЭС-ке қарсы 378 дауыс қорытынды хаттамада есептелмей қалған болуы мүмкін.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.

«Еркіндік қанаты» ҚҚ бақылаушылары №286 сайлау учаскесіне келгеннен бастап учаске комиссиясы олардан артық қозғалмауды талап еткен.

Біздің бақылаушылар бюллетенді санау процесін анық көру үшін сайлау комиссиясының өкілдеріне жақындаған.

Кейінірек учаске өкілдері бақылаушыларға бюллетен тұрған үстелге жақындауға «рұқсат жоқ» екенін айтып, дауыс көтере сөйлеген.

Басқа ұйымдардың, нақтырақ айтсақ, «Аманат» партиясының өкілі учаске комиссиясының заңсыз талаптарын қолдап отырған.

Өзге бақылаушылар біздің бақылаушыларға психологиялық қысым жасап, провокацияға шақырған.

Оған қоса, біздің бақылаушылар «АЭС-ті салумен келісемін» деген белгі қойылған бюллетендердің ішінде «АЭС-ке қарсымын» делінген бюллетендер болғанын байқады.

Бақылаушылар ескерту жасағаннан кейін комиссия бюллетендердің бір бөлігін қайта санады.

Комиссия өкілдері «Қарсымын» бюллетендерінің санын нақты айтпай, санақ барысын әдейі шатастырды.

Нәтижесінде, біздің болжам бойынша, 378 дауыс саналмай қалған болуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Ринат Зайытов — Жастайымнан ілесіп жыр көшіне

redaktor_qazyr

Асылбек — ана

Redaktor Site

Жәнібек Салқынбек-Сен маған өкпелеме

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz