Еліміздің бас қаласының 25 жылдығына арналған «Астана –мәдениет керуені» әскери оркестрлерінің I Халықаралық әскери-музыкалық фестивалі Қазақстанның астанасында өтуде.
Мереке күні Есіл жағалауындағы жазғы амфитеатр сахнасында Әзербайжан, Үндістан, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Жапонияның әскери музыкалық ұжымдарының өнерін паш еткен Band Marathon өтті.
Фестивальде Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі, Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі және Ұлттық ұланның үлгілі-көрсетілімді оркестрі қатысады.
Жиналғандарға арнап Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов сөз сөйледі. Ол қала тұрғындары мен қонақтарын Астана күнімен құттықтап, музыканттарға осындай ауқымды шараға қатысқаны үшін ризашылығын жеткізді.