Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Астанада тұрғындарға пәтер алып бермек болған алаяқтар ұсталды

Астанада тұрғындарды алдап келген алаяқтар ұсталды. Олар адамдарды пәтер алып беретіндерін айтып, сендірген, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы.
Алаяқтардың келтірген шығыны 30 млн теңгені құрады. Оларға сот үкімі шықты. Бұл туралы 2024 жылы 12 қыркүйекте Астана қаласының прокуратурасы хабарлады.
«Сот үкімімен кінәлілердің әрқайсысы үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, үкім заңды күшіне енді. Материалдық залал сотталғандардан өндірілді», — делінген хабарламада.

Алаяқтар «Отбасы банкінде «ипотекалық қарызды тиімді шарттармен ресімдей аламыз» деп жәбірленушілерді жалған ұсыныспен қызықтырғандары анықталды.

Ұқсас жаңалықтар

Мектептегі мәселені айтқаны үшін жұмыстан қуылған еден жуушы туралы жазған журналисттің үстінен директор сотқа арызданды

redaktor_qazyr

ҚМГ басшысы «Қаламқас-теңіз — Хазар» жобасын іске асыру бойынша кеңес өткізді

admin_qazyr

Орал қаласында бастауыш сынып мұғалімін өз пәтерінде өлтіріп кетті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz