17.3 C
Шымкент
13-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
АймақБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Астанада жол жөндеу жұмыстары басталды

Ауа райының жылынуымен елордада жолдарды жөндеу және салу жұмыстары басталды. Биыл қаланың жол инфрақұрылымын жақсарту бағдарламасы аясында 60-тан астам көшеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Qazyr.kz

Жұмыстар жол төсемінің сапасын қалпына келтіру мен жақсартуға ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігі мен тұрғындардың емін-еркін жүруін арттыруға бағытталған.

10 сәуірден бастап мына көшелерде жөндеу жұмыстары басталады:

Алаш тас жолының бойы, 69 көшеден 191 көшеге дейін;

Қорғалжын тас жолының бойы, Тұран даңғылынан 128 көшеге дейін;

Сығанақ көшесі Қабанбай батыр даңғылынан көлік айрығына дейін (өткен жылы жұмыстар Ш. Айтматов көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде жүргізілген);

тұрғын алаптарда – Жаңақоныс, Қарталы, Фахт бен Абдул Азиз, Герцен, Ш.Бөкеев және т.б.

Жөндеудің негізгі кезеңдерінің бірі — шұңқырлы тұстар мен маршруттық жолдар. Ол жабынның зақымдануын түзетуді, жол жағдайын жақсартуды және автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Сондай-ақ, жоспарланған жұмыстардың қатарында жаңа тротуарларды, аялдама бұрылыстарын, пандустарды салу мәселесі бар. Жол белгілері де жаңартылады. «Балалар қауіпсіздігі» сияқты қауіпсіздік бағдарламаларына ерекше назар аударылатын болады, оның аясында балалар мекемелері мен мектептердің жанында орналасқан учаскелерде балалар мен ата-аналардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін белгілер орнатылады.

Бұдан басқа, биыл елордада ұзындығы 14,7 км болатын 43 нысанның құрылысы жоспарланып отыр, сегіз жоба бойынша жұмыс толық аяқталады, 28 жоба бойынша жалғасады, тағы жетеуі жаңадан басталады, оның ішінде:

Қ.Қайсенов көшесі Бұқар жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін;

Бұқар жырау көшесі Әл-Фараби даңғылынан Жошы хан көшесіне дейін;

Рысқұлов көшесі Мәңгілік Ел даңғылынан Нұра-Есіл каналына дейін және т.б.

Сондай-ақ, Н.Тілендиев даңғылы мен Ш.Бейсеков көшесінің қиылысында екі деңгейлі көлік айрығын салу жобасын жүзеге асырылып жатыр.

Жыл соңына дейін жол жүруді қамтамасыз ете отырып, Қ.Мұхамедханов көшесін салу жобасы іске асырылуда, бұл Айтматов пен Қорғалжын тас жолының қиылысындағы көлік ағынын азайтады.

Жөндеу жұмысына байланысты жабылатын әрбір учаске бойынша ресми дереккөздерде алдын ала хабарланатын болады.

Фото: ©pixabay.com

Ұқсас жаңалықтар

Темір жол — өте қауіпті аймақ!

redaktor_qazyr

Мүфтият: “Квадробер” болу – шариғатқа қайшы

redaktor_qazyr

Су басқан өңірлердергі қорадағы жануарлар көшірілді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz