Атырау облысында өзенінен тағы бір ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Qazyr.kz Qaz365.kz-ке сілтеп.
Куәгерлердің айтуынша, марқұмның жасы 20-25 жыл аралығын болуы мүмкін. Азия келбетті жігіттің денесін құтқарушылар судан алып шыққан.
Өлімге не себеп болғаны әрі ер адамның жеке басы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Еске сала кетейік, бүгін Құлсарыда 6 сәуірде жоғалған әкесі мен баласының денесі табылған еді. Әкесі екеуі 6 сәуірде резеңке қорғаныш костюмдерін киіп, топан су басқан үйлерін тексеруге кеткеннен оралмаған.