Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

“Ауа райы” әуенінің шығу тарихы

КСРО да Ресейде танымал болған Англия туралы француз әні.

Бұл әуенді естіген миллиондаған кеңес көрермендері бәрін тастап теледидар көруге асықты. Ал бұл дегеніміз «Время» бағдарламасының дикторлары көрермендермен қоштасып студиядан кеткенде экран алдында келесі күнге КСРО-ның барлық аймақтарына арналған ауа райы болжамы бағдарламасының шыққанын білдіреді. Өйткені КСРО ауа райы болжамы бағдарламасын өте жақсы көретін.

Себебі мемлекеттік арнадан табылған жалғыз бағдарлама тек осы еді.

Әуеннiң композициясы «Manchester et Liverpool» деп аталып француз тілінен аударғанда «Манчестер және Ливерпуль» дейді. Оны композитор Андре Попп 1966 жылы жазған. Олар кеңестік теледидарларға дирижер Франк Пурсель оркестрінің алғашқы шығармашылық жазбасы болып табылатын аспаптық нұсқасын енгізген.

Бірнеше айдан кейін осы әуенге сөздер жазылып орындаушысы ең танымал әнші Мари Лафоре «Manchester et Liverpool» атты әнін орындады.

«Манчестер және Ливерпуль» әнiнiң танымал болғаны соншалық кеңес ақындары мен әншілерi бұл әнге бірнеше мәрте орысша мәтіндер жарыса жазған. Алайда әннiң кеңестік нұсқаларының ешқайсысы сәтті шықпады.

Оқиға дәлірек айтсақ «YouTube» арнасы бізге Роберт Рождественскийдің өлеңдері арқылы Магомаев пен Лев Лещенконың орындауындағы нұсқаларды сақтап қалды.

Тiптi испандық әнші Жанетта да өз нұсқасымен осы әнді орындаумен көзге түсті. Алайда оның орындауы да сәтсіз шыққан…..

Бала күнімiзде осы әуенді естiгенде: » Оо ауа райы басталды» деп жетiп келетін едік. Эххх ностальгия!….

Ұқсас жаңалықтар

Елу жыл бұрынғы есті сөз

redaktor_qazyr

Мидың жұмысын арттыру үшін не істеу керек?

redaktor_qazyr

Құрақ көңіл

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz