16.3 C
Шымкент
16-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
Қазір

Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды

ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді.

— 2025 жылғы 16 қаңтар сағат 12:50-де ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы автожолының 526-702 шақырым аралығындағы учаскесінде (БҚО шекарасы-Маржанбұлақ ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.

Жолды 16 қаңтар сағат 20:00-де ашу жоспарланған. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысы шектелді.

16 қаңтар сағат 12:50-де ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы автожолының 393-526 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жымпиты ауылы — Ақтөбе облысының шекарасы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2025 жылғы 16 қаңтар сағат 20:00-де ашу жоспарланған.

Бұған дейін «Алматы-Өскемен» және «Алматы-Қорғас» автожолдарының бір бөлігі жабылғанын жазған едік

Ұқсас жаңалықтар

Оралда жасөспірімді шапалақпен салып жіберген әйелге 370 мың теңге айыппұл салынды

redaktor_qazyr

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

admin_qazyr

Қазақстанда мерзімі ұзақ сақталатын жұмыртқа өндіретін алғашқы зауыт салынады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz