Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Бағдаршамның қызыл түсінде тұрып есірткі шеккен Шымкенттік жігіт бейнежазбаға түсіп қалды

Фото:polisia.kz

«Бағдаршамның қызыл түсінде тұрып есірткі шеккен Шымкенттік жігіт бейнежазбаға түсіп қалды»-деп хабарлайды Qazyr.kz ақпарат агенттігі.

Toyota Camry көлігінің алдыңғы орындығында отырған жас жігіт бағдаршамға тоқтап, қағаз ақшаны түтікке домалатып, мұрнымен ұнтақ тәрізді затты иіскеген.

ЖБО-ның кезекшілері бұл туралы дереу патрульдік полицияның жақын маңдағы экипажына хабарлады.

Тәртіп сақшылары көлікті Назарбеков көшесінің бойында 4 минут ішінде ұстады.

Тексеру барысында көліктен марихуана салынған қағаз бума және мефедрон салынған 2 полиэтилен пакеті табылды.

ҚР ҚК 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр.24 жастағы күдіктіге ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте түнде «Старый город» көшесінде өрт шықты

redaktor_qazyr

Тілсіз жау :Монтайтаста тұрғынның үйінен өрт шықты

redaktor_qazyr

Ордабасы ауданында 3 рет дүкенге ұрлыққа түскен жас жігіт ұсталды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz