Туған елім
Менде сөйлер сөз болса –
Өзің берген сөзің ғой!
Менде көрер көз болса –
Өзің берген көзің ғой!
Шаттық құшқан шеруде,
Күйді өтерген өзің ғой!
Қиындықты жеңуге
Үйреткен де өзің ғой!
Толқығанда сезім –ой,
Әппақ арым, тілегім.
Туған елім өзің ғой –
Арқа сүйер тірегім!
Туған елім, өзіңнің,
Жазираңды кездірдің.
Жайма –шуақ кезімнің,
Рахатын сездірдің!
Туған елім – гүл елім,
Қасиетіңді білемін.
Өзіңе деп жүремін –
Лүпілдеген жүрегім!
|
|
Бәкір Тәжібаев — Туған елім
⚡ Неге бұл маңызды:
Туған елім Менде сөйлер сөз болса – Өзің берген сөзің ғой! Менде көрер көз болса – Өзің берген көзің ғой! Шаттық құшқан шеруде, Күйді өтерген өзің ғой! Қиындықты жеңуге Үйреткен де өзің ғой! Толқығанда сезім –ой, Әппақ арым, тілегім. Туған елім өзің ғой – Арқа сүйер тірегім! Туған елім, өзіңнің,…
Оқырман барометрі
Бұл материал сізге қандай ой салды?