Фото: freepik.com
Бала емізетін ана қандай да бір айрықша емдәмді қажет етпейді, әдеттегідей тамақтанады, бірақ оның сүттің дәмі мен иісін өзгертуі мүмкін тағамдардан, мы- салы, пияз, сарымсақ, бұрыш және т.б. тартынғаны дұрыс.
Сүт бездеріне күтім жасаған кезде антисептиктерді қолданбай-ақ күніне 1-2 рет қана сүртсе жеткілікті, баланы емізгеннен кейін көп жағдайда сүтті сауып тастау міндетті емес. Баланы емізіп болған кезде ананың емшегі жұмсаруы тиіс. Сүт бездерінің өскені, тығыздалып, ауыратын жерлері байқалған жағдайда тез ара- да медицина қызметкеріне көрініңіз.
Жеке гигиенаны сақтаңыз, гинекологтың кеңестерін орындаңыз, таза тиініңіз, қолыңызды жиі жуыңыз. Бала ұйықтаған кезде сіз де бірге жатып, демалыңыз.