Пайдалы кеңестер

Бала неге тістерін қайрайды? ⠀

Бала неге тістерін қайрайды? ⠀

Бұл жайсыздық ұйқы кезінде тістерді қысу, тістерді қайрау және жақты қысудан туындайды. Медицинада бруксизм деп аталады. Көбіне көп халық бұл жағдайдың себебі – ағзадағы " құрт" деп есептейді. Бірақ шын мәнінде оның құртқа еш қатысы жоқ.⠀

Ал себептері мыналар:⠀
• Тістемнің (прикус) дұрыс болмауы. 2-3 жаста немесе 5-6 жаста жоғарғы және төменгі тіс қатарларының қатынасы қалыптаса бастайды. Дұрыс қалыптаспаған уақытта, прогнатия (жоғарғы жақтың алдыға жылжуы) немесе прогения ( төменгі жақтың алдыға жылжуы) дамуы мүмкін. Бұндай кезде тіс дәрігеріне қаралған абзал. ⠀
•Бас сүйегінің кұрылымы дұрыс болмауы– бет пен жақ бұлшықеттері мен байламдардың шамадан тыс тырысуына, жиырылуына әкеледі. Сирек кездесіп, ұзақ емделетін себеп.⠀
•Шықшыт буынында қабыну, жарақат болса немесе буын орынынан шығып кетсе, балада бруксизм болуы мүмкін. ⠀
• Сүт тістері қызыл етті жарып, шығып келе жатырғанда баланың тісі қышиды. Сол себептен бала тістерін бір-біріне үйкей бастайды.⠀
•Бруксизм ұйықтайтын кезде жоғары және үстіңгі жақтың дұрыс жабылмауынан, бет бұлшықетінің қозғыштығынан да болады.⠀

•Босану кезінде сәби жарақат алып, сол себептен жақ-бет аймағының бұлшықеттері құрысып, түйілсе, бас ауруы мен буындарда ауырсыну тудырады. Ал бұл кезде бала жақтарын қысып, ауырсынуды басуға тырысады.
•Аденоидит, синусит, ринит. Бұл жағдайларда ауыз қуысы құрағайды. Құрғақтықтан құтылу мақсатымен бала тістерді бір-біріне үйкей отыра сілекей бөлінуіне себеп тудырады. Оториноларингологтың емі қажет.
•Бірақ ең жиі кездесетін себеп – бұл баланың күйзелісте жүруі. Баланың психологиясында өзгеріс немесе ақау бар деген сөз. Күн тәртібінің бұзылуы, ұйқының қанбауы. Ата-ананың ұрысы, үйдегі немесе мектептегі басқа да көп проблема балаға әсер етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Махаббат пен ғашықтықты ажырата аласыз ба?

Redaktor Site

Ас тұзының пайдасы

redaktor_qazyr

Сәбіз бен сәбіз шырынының пайдасы

redaktor_qazyr

Пікір жазу