Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Баланы айқай-шусыз қалай тәрбиелейміз?

Фото: freepik.com

Баланы тәрбиелеу оларға зорлық-зомбылық көрсетуден тұрмауы тиіс. Баланы ешқашан жазаламаңыз, оны ұрмаңыз. Ұрып-соғу баланың физикалық және психологиялық денсаулығына зақым келтіруі мүмкін. Зорлық-зомбылықтың кез келген түрі зиянды және бала өмірінің барлық жағына кері әсерін тигізуі мүмкін. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар тамақтың жетіспеуі мен ау- рудан жиі зардап шегеді, мектепте нашар оқиды, өзін-өзі сыйлаусезімі төмен болады. Тәрбие жанды ауыртпайтындай болуы керек. Тек ұрып-соғуды ғана ғана емес, эмоционалдық қысым жасауды да толықтай болдырмау керек: бала- ны қорламаңыз, балағаттамаңыз, басқа балалармен салыстырмаңыз. Мұндай тәрбие баланы ренжітеді және ашуын келтіреді.
Баланы тәрбиелеу әдісін таңдау, әсіресе, үлкендердің тілін аса түсінбейтіндіктен әрі олардың өздерінен не сұрайтынын білмегендіктен, кішкентайлардың тәрбиесі біршама қиын. Бала тәрбиесі көбінесе ата-ананың жеке ісі, дей тұрғанмен, бейбіт тәрбиенің жалпы қағидаттары барлығына бірдей қолданылады. Әр жолы бала тентек болған сайын бұның дұрыс емес екенін түсіндіруге тырысыңыз және оған дұрыс жол көрсетіңіз.
Жақсы әдіс – мадақтау жүйесін әзірлеу. Ас бөлмесінің көрнекі жеріне Сіз күнделікті балаңыздың тәртібін түрлі-түсті фломастермен/маркермен/стикермен белгілеп отыратындай етіп, парақ немесе кішігірім тақтайша жапсырып қойыңыз. Мысалы «жақсы» күнді жасыл түспен, «жаман» күнді қызыл түспен белгілеңіз. Жұма күні кешке «жақсы» мен «жаман» күндерді санаңыз және баланың мінез-құлқына қарай демалыс күндерін ұйымдастырыңыз.

Ұқсас жаңалықтар

Асқазанның қыжылдауы

redaktor_qazyr

Махаббаттың кезеңдері туралы не белгілі?

Redaktor Site

Телефон номерін тез есте сақтау жолы

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz