Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Баланы қалай қайырымдылыққа үйретеміз?

Фото: freepik.com

Сезімтал тәрбиеші баланың сигналдарын түсініп, оларды дұрыс түсіндіреді. Сезімтал болу үшін тәрбиеші баланы жеке адам ретінде көре білуге және заттарға баланың көзқарасы тұрғысынан қарай білуге тиіс.
Барынша сезімтал болуды қалай үйрену қажет? Мысалдар арқылы қарастырайық:
1. Балаңыздың көзіне көз алмай қараңыз.
2. Баланың не ойлайтынын елестетіңіз.
3. Баланың қазір не істеуге тырысқаны туралы ойланыңыз.
Қайырымды болу және балаға уақытылы жауап қайтару үшін сезімтал болу қажет. Тәрбиеші үшін баланың сигналдарына жағдайға қарай жауап қайтару қабілеті оның балаға тиімді қамқорлық жасауды қамтамасыз ету қабілетінің аса маңызды негізі болып табылады. Тәрбиешінің бала та- лап еткен кезде тамақтандыру, баланы төнген қауіптен қорғау, жылаған баланы жұбату, аурудың белгілерін тану, балаға жағымды эмоциялармен жауап қайтару қабілеті артады.
Қайырымды болуды үйренуге арналған мысалдар:
1. Балаңыздың шығарған дыбыстары мен ишарасын айнытпай қайталаңыз.
2. Балаңыздың мысалын жасаңыз.
3. Балаңызды не қызықтыратынына басым назар аударыңыз және оны мақтап, көтермелеңіз.
4. Баланың тәжірибесін қолданыңыз (мысалы, бала қызығушылық танытқан затты атай отырып, күрделі тапсырмаларды қосыңыз және байланыс орнатыңыз).

Ұқсас жаңалықтар

Дұрыс тамақтанбасаңыз не болады?

Redaktor Site

Аяқ киімді қалай таза ұстаймыз?

Redaktor Site

Баланы алғаш шомылдырғанда ескеретін жағдайлар

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz