Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтар

Балқаш-Алматы бағытына тікелей пойыз қатынайды

Бұған дейін Балқаш қаласының тұрғындары Алматыға жету үшін алдымен Сарышаған станциясына барып, сапарын одан әрі жалғастыратын. Аталған олқылықтын орнын Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы 1-ші наурыздан бастап Алматы мен Балқаш арасында тікелей теміржол қатынасын ашу арқылы толтырып отыр деп хабарлайды Qazyr.kz.

Жолаушылар составы екі қала арасына күнара қатынайтын болады.  Пойыз құрамында бір купелік және бір плацкарттық вагон бар. Орын саны: купеде – 36, плацкартта – 54 жолаушы. Аталған бағыт  жолаушылар үшін өте ыңғайлы болайын деп тұр. Сапар уақыты қысқарып, жолаушылар әуреге түспейтін болады.

Пойыздың уақыт кестесі:

  • Балқаш-Алматы: жұп күндері сағат 07:52-де жөнелтіледі, Алматыға 00:58-де келеді.
  • Алматы-Балқаш: тақ күндері сағат 00:10-да жөнелтіледі, Балқашқа 15:03-те келеді.

Билеттер бағасы 7 722 теңгеден басталады.

Билеттер bilet.railways.kz ресми сайтында сапарға 45 күн қалғанда қолжетімді. Бұл жолаушыларға өз сапарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Риддерде қазақ мектебін жаппауды сұраған блогерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

redaktor_qazyr

Астанада Comic Con Astana-2024 фестивалі басталды

redaktor_qazyr

БРИКС доллардан бас тартса, Трамп салықты еселемек

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz