Qazyr.kz
БілімМәдениет

Бата

Балаларға бақ қонсын,
Періштелер жақ болсын!
Кілең бестік сыйлансын,
Имандылыққа илансын!

Биікте қалықтасын,
Оқудан жалықпасын!
Ауырып-сырқамасын,
Үлестен құр қалмасын!

Өнерге құштар болсын,
Талантын ұштар болсын!
Кітапқа құмар болсын,
Халқына ұнар болсын!

Өмірде сыйлас болсын,
Өкпеге қимас болсын!
Құдайым қуат берсін
Көңілге шуақ берсін!

Қаламы жорғаласын,
Бестікті дорбаласын!
Күндей боп күлімдесін,
Сындардан сүрінбесін!

Мұраттас болсын-дағы,
Жарқырап жансын бағы!
Құлашын кең сермесін,
Бос жүріп теңселмесін!

Алысқа көзін тіксін,
Ақ бата сөзімді ұқсын!
Мақсаты зордан болсын,
Еліне қорған болсын!

Ақ сүтті ақтар болсын,
Отанға мақтан болсын!
Ұстазын ұлықтасын,
Осыны ұмытпасын!
Әумин!

Ұқсас жаңалықтар

Ақұштап Бақтыгеерева — мұңаяйын десем

redaktor_qazyr

Көздің нашарлауының белгілері

Redaktor Site

Жан дос қандай болады?

Redaktor Site

Пікір жазу