Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Бата

Дастарқаның бай болсын,
Қазан, ошағың май болсын.
Төрт түлігің сай болсын,
Көңілің толып жай болсын.
Құнажындарың құлындап,
Құлындарың тай болсын.
Ұлың қонып ұяға,
Қызың ұшып қияға,
Келінің бибі атанып,
Ұлың болсын би аға.
Бергеннен Алла танбасын,
Көбейе берсін мал басың,
Өсе берсін жан басың,
Арманың көкке самғасын.
Досыңнан көңілің қалмасын,
Жағаңнан дұшпан алмасын.
Жолың болып жортқанда,
Жолыңды Қызыр жалғасын.
Әумин!

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Иводзима үшін шайқас

redaktor_qazyr

CONNECTED конференциясында жоғары білім берудің жаһандық бәсекелестігі талқыланды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz