Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Бауырға сағыныш

Жүруші ем саған еркелеп,
Неліктен кеттің ертерек.
Қабір тұр сыртқа шығармай,
Қайғы тұр жанды желкелеп.

Өзегім өртеніп алжасты,
Сұм ажал неге ерте жармасты.
Кешегі қуаныш тамшысы,
Сағыныш жасына алмасты.

Қиын-ай сені енді табуым,
Көре алмай өмірдің сауығын.
Найзағай секілді жарқ етіп,
Неліктен ерте өштің бауырым.

Кетсеңде кетпейсің санадан,
Айырылу тым қиын ағадан.
Келместің кемесін мініп ап,
Жылжыпта кеттің-ау жағадан.

Бұл өмір қалдырмас тұрақта,
Мекенің енді аға жырақта.
Қимаймын бауырым өзіңді,
Тағдырға не шара бірақта.

Батады иә, солай жан мұңға,
Алаңсыз жүргенбіз сан жылда.
Балдәурен күніммен бірге аға,
Өткенде сағым боп қалдың ба.

Көңілің кең еді даладан,
Нұр бейнең кетпейді санадан.
Сен жайлы әңгіме айтуға,
Бұл жырым жетпейді ағажан.

Өкініш өзекті жалмадың,
Ағажан көп еді арманың.
«Каре» деп атаушы ең мені енді,
Сол сөзге зар болып қалғаным.

Уақыт табама шын емін,
Тірі адам тірлікте білемін.
Жаның жәннатта болсын деп,
Алладан соны мен тіледім.

Ешкімге көрсетпей жыладым,
Жұмақтан болсыншы тұрағың.
Амал жоқ ендігі өзіңе,
Құранды бағыштап тұрамын.

Автор: Ақжол Сұлтан

Ұқсас жаңалықтар

Арқа шаншыса не істеу керек?

redaktor_qazyr

Шымкентте әр 15 минут сайын бір сәби дүниеге келеді

admin_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz