Бектұров Әбiкен Бектұрұлы 1901 жылы 25 желтоқсан айында Павлодар облысы Баянауыл ауданында туып 1985 жылы дүниеден өткен. Техника ғылымдарының докторы профессор Қазақстан Ғылым Академиясының академигі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Омбы ауылшаруашылық институтын Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 1935-1960 жылдары ҚазМу-да оқытушы декан болған. 1946-1968 жылдары Химия ғылымдарының докторы болды. 1968-1985 жылдары сол институттың биоорганикалық синтез зертханасын және бейорганикалық химия бөлiмiнiң меңгерушісі болып қызмет атқарған.
Қазақстан Ғылым Академиясының Минералдық қор бөлiмiнiң академия хатшысы болады. Негізгі ғылыми еңбектері минералдық тыңайтқыштар өндіру мен минералдық тұздарды өңдеудің химиясына және технологиясына арналған. Бектұров фосфатты шикізаттарды өңдеудің қышқылдық термиялық сонымен қатар фторсызданған мал азықтық фосфат өндірудің циклондық әдicтерiн тауып өңдiрiске енгiзген. Қаратау фосфориттерiнен тыңайтқыштар өндіру әдістерін жетілдірді.
«Ленин» «Октябрь революциясы» «Құрмет» белгісі ордендерімен және медальдармен марапатталған. 1991 жылдан бастап Қазақстан Химия ғылымдары институтына Бектұровтың есiмi берiледi….