Басты ақпаратҚазірҚоғам

Белгілі өлкетанушы, журналист Балтабек Ерсәлімов дүниеден кетті

Белгілі өлкетанушы, журналист — Ұлы Абайдың жиені Балтабек Ерсәлімов дүниеден кетті.

Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Семей қаласының және Абай ауданының құрметті азаматы, Балтабек Ерсәлімов — 86 жасында өмірден өтті.

Балтабек Ерсәлімов — 1938 жылы 28 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген.
Қазақстан республикасының журналистер одағының мүшесі, «Еңбек ардагері», «Тыңға 50 жыл»медальдарының, «Құрмет» орденың иегері.

Филолог Балтабек Ерсәлімов, белгілі ақын шығармаларын насихаттау ісіне белсене араласып келген.
Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтің рухани мұрасын насихаттап,
Семейдегі Абай қорынның ашылуына ықпал тигізгендердің бірі. 1992 жылы «Абай» журналының қайта шыға бастауына айтарлықтай үлес қосты. 1993 жылы баспадан жарық көрген «Абайдың ақын шәкірттері» деген жинақтың жауапты шығарушысы.

Ұқсас жаңалықтар

Саудагер

redaktor_qazyr

Отбасылық кризистен қалай шығу керек?

redaktor_qazyr

Кісі өлтірген қылмыскердің жеке ақпаратын жариялағаны үшін, журналистті полицейлер жалаңаш күйінде видеоға түсірген

redaktor_qazyr

Пікір жазу