Ғылым – теңіз, білім – қайық.
***
Білетінің бір тоғыз,
Білмейтінің тоқсан тоғыз.
***
Жердің сәні – егін, ердің сәні – білім.
***
Күш — білімде, білім — кітапта.
***
Кісінің кісілігі,
Киімінде емес,
Білімінде.
***
Киіміне қарап,қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.
***
Оқу — білім азығы,
Білім – ырыс қазығы.
***
Білім басы — бейнет, соңы — зейнет.
***
Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.
***
Білімдіге дүние жарық.
Білімсіздің күні кәріп.
***
Көзі жоқ, құлағы саудың
Ақылы толады.
Құлағы жоқ, көзі саудың
Ақылы солады.
***
Өмір — үлкен мектеп.
***
Білмесең үндеме,
Білгенді күндеме.
***
Оқу — білім азығы,
Білім – ырыс қазығы.
***
Әліппенің ар жағы — білім бағы.
***
Ғылыммен жақын болсаң , қолың жетер,
Залыммен жақын болсаң, басың кетер.
***
Білім ауысады,
Ырыс жұғысады.
***
Ақыл — тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
***
Білген кісі тауып айтады,
Білмеген кісі қауып айтады.
***
Оқығанның бәрі жарық,
Оқымағанның беті шарық.
***
Білек сүріндіре алмағанды,
Білім сүріндіреді.