Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Бір әнші

Бұл не өзі ән бе, әлде айқай ма? —
Мен білмеймін, білсең туыс айт онда.
Сахнада тұр ғой өзі, уақытын
Босқа өткізіп сынамақ па бақытын?
Деген ойдан:
ойнап тұрған жоқ па бұл,
Жұткыншағын жүзін көріп тоқтадым:

Алқымы іскен, қысып көрсе-ау аздап бір,
Көз дегенің шығып кете жаздап тұр.
Өзін-өзі қылғындырып, бір тілсіз
Тұр алдымда.
Тыңдап қапты жұрт үнсіз,
Тыңдаса егер қол соқпай ма енді олар,
Әлде олардың құлақтары кем болар?

Қызық, қызық: жастары да, кәрі де
Құлақтарын басып апты-бәрі де.
Қол соқпаудың барлық сыры сондағы:
Құлақтардан босамапты қолдары…

Оу, әнші дос, табиғатты зорлама,
Кеудеңді жап, ол шабытқа толмаса.
Біз риза болар едік қарғаға,
Бұлбұл деген бір мықтымыз болмаса.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Ыбырай Алтынсарин

Redaktor Site

Фариза Оңғарсынова

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz