Qazyr.kz порталы
Руханият

Біреу отыр қасыңда

Өзегіңді өртеді ме өкпе-мұң?
Сен кеткелі өкінішім көп менің.
Жапырақтай жүрегіңді сарғайтып,
Күзге айналып кеткенің бе көктемім?
***
Сағыныштан сарғайғасын күз-кеудем,
Күзім өтер көктемімді іздеумен.
Махаббаттың жырын оқып отырмын,
Саябақта бізден қалған іздерден.
***
Бұл саябақ екеумізге — мұңлы бақ,
Мұңлы екенін білер дейсің кім бірақ?
Біздің өткен шағымыздың куәсі,
Болғаны үшін бұл саябақ құндырақ.
***
Сырымызды анау қайың біледі,
Білем-білем, сыздайды оның жүрегі.
Жапырағын жел ұшырып әкетіп,
Ол қайың да маған ұқсап тұр еді.
***
Бұл саябақ — сезім бағы, расын да…
Бізді сезім жетелейді осында.
Сен отырсың әлденеге мұнайып,
Біреу отыр қасыңда.

Ершат Қайболдин ✍️🍁

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Бауыржан Үсенов — Ақындар

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz