Өзегіңді өртеді ме өкпе-мұң?
Сен кеткелі өкінішім көп менің.
Жапырақтай жүрегіңді сарғайтып,
Күзге айналып кеткенің бе көктемім?
***
Сағыныштан сарғайғасын күз-кеудем,
Күзім өтер көктемімді іздеумен.
Махаббаттың жырын оқып отырмын,
Саябақта бізден қалған іздерден.
***
Бұл саябақ екеумізге — мұңлы бақ,
Мұңлы екенін білер дейсің кім бірақ?
Біздің өткен шағымыздың куәсі,
Болғаны үшін бұл саябақ құндырақ.
***
Сырымызды анау қайың біледі,
Білем-білем, сыздайды оның жүрегі.
Жапырағын жел ұшырып әкетіп,
Ол қайың да маған ұқсап тұр еді.
***
Бұл саябақ — сезім бағы, расын да…
Бізді сезім жетелейді осында.
Сен отырсың әлденеге мұнайып,
Біреу отыр қасыңда.
—
Ершат Қайболдин ✍️?
|
|
Біреу отыр қасыңда
⚡ Неге бұл маңызды:
Өзегіңді өртеді ме өкпе-мұң? Сен кеткелі өкінішім көп менің. Жапырақтай жүрегіңді сарғайтып, Күзге айналып кеткенің бе көктемім? *** Сағыныштан сарғайғасын күз-кеудем, Күзім өтер көктемімді іздеумен. Махаббаттың жырын оқып отырмын, Саябақта бізден қалған іздерден. *** Бұл саябақ екеумізге — мұңлы бақ, Мұңлы екенін білер дейсің кім бірақ? Біздің өткен шағымыздың куәсі,…
Оқырман барометрі
Бұл материал сізге қандай ой салды?