Qazyr.kz порталы
Руханият

Бірлік керек

Бірлік керек

Түсінгенім,
Түрлі-түрлі топтардың ішіндемін.
Әр азамат қоғамға мүше болса,
Кесіп алып тастау керек ісінгенін.

Бір ұққаным,
Қара бас деп қуа бермей тірлік қамын.
Тоз-тоз болып жем болмай әр біреуге,
Жасау керек жұмылып бірлік қамын.

Таныссыздың маңдайы сорлы болған,
Құламаған елемес орды толған.
Заң бір жерде қаhарлы алмас қылыш,
Ал,біреуге тығылар жарлы қорған…

Әлде кімнің тоймаса құлқындары,
Талай-талай бұзылар шырқың әлі.
Өзегі шірік жемістің нәрі болмас,
Дәм емес қой көз тояр сырттың әрі.

Қажет емес алыстан өлең іздеу,
Болшақтан бастысы үміт үзбеу.
Қазақ болып туған соң Отаныңда,
Мазақ болу өзгеге келеңсіздеу…

12.02.2020
Біржан Досжан

Ұқсас жаңалықтар

Өлең: Сергелдеңде

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz