Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Бүгін Бараат түні: Қадыр түнінен кейінгі ең ұлық түн

Бүгін күллі мұсылман қауымы қасиетті Бараат түнін қарсы алады. Биыл ол ақпанның 13-інен 14-іне қараған түнге келіп тұр. Бараат – мұсылмандар үшін ерекше түн. Оны барынша құлшылықпен, дұғамен өткізген жөн деп хабарлайды Qazyr.kz.

Хижра күнтізбесі бойынша Бараат түні Шағбан айының 14-інен 15-іне қараған түнге түседі, бұл түн «кешірім, кешірім, тағдыр, тозақтан құтылу түні» деп те аталады. Өйткені осы түні Алла Тағала ғибадат еткендерді рақымына бөлеп, тәубесін қабыл алып, күнәларын кешіреді, мейіріміне бөлейді. Ислам ғұламалары бұл түнге «Қадыр түнінен кейінгі ең ұлық түн» деп баға берген.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бес түнді ұйықтамай құлшылықпен өткізген адам міндетті түрде жәннатқа кіреді. Олар – Тәруия, Арапа, Құрбан айт, Ораза айт және Шағбанның он бесінші түндері», – деген.

Бараат түні – періштелер жер бетіне түсіп, дұға қабыл болатын берекелі түн. Сондықтан бұл түнді Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) көп салауат айтып, Алладан біліп-білмей істеген күналардың кешірілуін тілеп, дұға, ғибадат, құлшылықпен өткізген абзал.

Бараат түнін дұрыс қарсы алу үшін бұл түнді ұйқысыз өткізген дұрыс. Бұл түні, ең алдымен, парыз намаздарды оқып, сосын сүннет және мұстахаб ғибадаттарды орындаған абзал. Бараат түнінде көп ғибадат жасау керек.

Бұл түні мұсылман адам өз өмірі мен жыл бойы істеген істерін електен өткізіп, ойлануы керек. Егер қателік жасағанын түсінсе, Құдайдан кешірім сұрап, оны түзетуге тырысқаны абзал. Егер біреуді ренжітсе немесе біреумен араздасып қалса, одан кешірім сұрап, достасуы керек. Егер біреуден қарыз алып, оны қайтармай жүрсе, дереу берешекті қайтарудың жолын табуы қажет.

Ұқсас жаңалықтар

«Қазақ тілі мәмбеттердің тілі», — деген қыз 2 жылға сотталды

redaktor_qazyr

Сарыөзек әскери бөлімінде сарбаз көз жұмды

redaktor_qazyr

Арыс қаласына қарасты,Дермене ауылындағы дүкендерінің сөрелерінде енді ішімдік сатылмайды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz