Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Дархан Сатыбалды инвестициялық штабтың кезекті отырысын өткізді

Дархан Сатыбалды инвестициялық штабтың кезекті отырысын өткізді,деп хабарлайды Qazyr.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөзіне сілтеп.

Түркістан өңірінде кәсіп ашқысы келетін инвесторларға жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды кезекті инвестициялық штаб отырысын өткізіп, өңірде жаңа өндіріс орындарын ашатын кәсіпкерлермен жоба барысын жан-жақты талқылады. Инвестициялық штаб – бизнес мәселелерін жедел шешуге арналған ашық алаң. Әкім энергетика саласы, сүт өңдеу зауыты, тігін фабрикасы, медициналық бұйымдар өндірісі, мал бордақылау алаңы, кір жуатын ұнтақ, тұрмыстық химия өндірісін қолға алған инвесторлармен жұмыс барысын пысықтады.

Инвестициялық штаб отырысында көрсетілетін жан-жақты мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету арқылы жаңа жобаларды жүзеге асыруына ықпал ететіні айтылды. Облыс әкімі инвесторларға оңтайлы әрі ыңғайлы орта қалыптастыру үшін бизнеске қойылатын артық талаптарды жоюдың маңыздылығын атап өтті. Құрылысы жүріп жатқан зауыт, фабрикалардың маңыздылығы мен тиімділігін ескертіп, осы мақсатта жауапты тұлғаларға инфрақұрылым тартуға қатысты нақты тапсырмалар берді.

– Қағазбастылық дегенді доғару қажет. Инвесторлардың түрлі кедергілерге тап болуына жол берілмеу керек. Ол үшін әр әкім, басқарма басшылары тікелей жауапты екенін ескертемін. Әр инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысы қатаң бақылауда. Ешқандай тежеу болмауы керек. Электр энергиясы, газ бойынша мәселе туындаған жағдайда, шұғыл әрекет етіп, шешу қажет. Оны созбалаңға салудың өзі – сын. Аса маңызды шикізатты өндіру және өңдеу саласына басымдық беріледі. Тапсырма берілгенін күтіп отырмай, бастама көтеріп, дербес жұмыс істей біліңіздер, – деді Дархан Сатыбалды.

Сондай-ақ Дархан Сатыбалды таныстырылған жаңа жобалардың маңыздылығына назар аударып, аудан басшылары мен жауапты сала басшыларына инвесторларға қолдау көрсетуді тапсырды. Аудан, қала әкімдерінің жұмысы инвестиция тартумен, халықты жұмыс орнымен қамтумен бағаланатынын еске салды.
Түркістан облысында қазіргі уақытта өндірісті дамыту бағытында жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Биыл жалпы құны 136,0 млрд. теңгені құрайтын 56 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары ашылуда. Бүгінге күні 31 инвестициялық жоба іске қосылды.
Импорттан тәуелділікті азайту үшін, Өндірістік паркте мемлекет тарапынан кәсіпорынға қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген дайын ғимарат ұсынылады. Өндірістік кешенде 39 ғимарат бой көтеруде. 10 кәсіпорын іске қосылды. Бұдан бөлек, өңірде 13 индустриалды аймақ және арнайы экономикалық аймақ бар. Онда жұмыс бастап жатқан кәсіпорындар салықтан босатылады. Кедендік жеңілдіктер қарастырылған, инфрақұрылымы бар. Жалпы арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарда 53 кәсіпорын жұмыс істейді. Сондай-ақ 139,4 млрд. теңгеге 29 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысында кәсіпкерлердің саны жыл басынан 2 мыңға артып, бүгінде 208 мыңды құрады. Аталған салада 282 мың адам жұмыспен қамтылған. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен өңірде жалпы құны 1,1 млрд. АҚШ долларын құрайтын 7 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып, қазіргі уақытта текстиль кластерін құру және алюминий бұйымдарын шығару зауыты инвестициялық жобаларының құрылысы басталды.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс: Газ баллон жарылып,наубайхана өртенді

redaktor_qazyr

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі

redaktor_qazyr

Астана қаласында 3-7 қыркүйек халықаралық шабандоздар бәйгесі өтеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz