Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Дархан Ахмед-Заки ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кеткен.

Дархан Ахмед-Заки аталған лауазымға 2023 жылдың қыркүйегінде тағайындалған болатын. Оның жаңа қызмет орны жайлы әзірге ақпарат берілген жоқ.