Qazyr.kz порталы
Саясат

Дәурен Абаев Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды

Дәурен Абаев Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды,- деп хабарлайды Qazyr.kz.

  Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды,- делінген Жарлықта.

 Дәурен Әскербекұлы Абаев — 18 Сәуір айының 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген.Шапырашты руынан шыққан.2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген. Лейден университетін бітірген (2006).

  • 2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.
  • 2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланд Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.
  • 2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің бастығы.
  • 2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты.
  • 2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында — Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары.
  • 2009 жылдың қазанынан — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
  • 2011 жылдың қазанында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
  • 2011 жылғы шілдеден — Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
  • 2016 жылғы 6 мамырдан Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі.
  • 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.
  • 2020 жылдың  4 мамырынан – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

2021 жылдың 11 қаңтарынан — Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарған.

Ұқсас жаңалықтар

Депутат,Әнипа Назарбаевадан зардап шеккен халықтың мұңын жеткізді

redaktor_qazyr

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

redaktor_qazyr

Қазақ тәңіршілдері өз бірлестігін құру туралы жабық кеңес өткізуді жоспарлауда

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz