Ең алдымен әрбір үйдің ас бөлмесінен оңай табылатын көкөністерге тоқталсақ.
Сәбіз – А витаминінің бастапқы түрі саналатын каротиннің маңызды көзі. Сәбіз құрамында басқа да пайдалы заттар бар: В, РР, С, Е, К дәрумендері, калий, темір, фосфор, магний, йод, фтор. Ол қан құрамын жақсартады, жүрек-тамыр жүйесі мен ішектің жұмысына жақсы әсер етеді, тырнақтар мен шашты нығайтады, теріні нәрлендіреді.
Қызанақ – әрбір дастарханнан оңай табылатын көкөніс. Бұл өте орынды. Себебі қызанақ адам ағзасында бірқатар маңызды функцияларды орындайтын өте пайдалы өнім. Мысалы, қызанақ зат алмасуды қалыпқа келтіреді, бүйрек пен ішектің жұмысын ынталандырады, қандағы зиянды холестерин деңгейін төмендетеді. Қызанақ жүрек-тамыр жүйесі аурулары және анемия кезінде де пайдалы.
Сарымсақ және оның пайдалы қасиеттері халық медицинасында белсенді қолданылады. Сарымсақтың құрамында 150-ден астам пайдалы зат бар қуатты табиғи кең спектрлі антибиотик саналады. Ол тәнге нығайтатын, қабынуға қарсы, антисептикалық, микробқа қарсы, түрлі зеңдерге қарсы әсер береді. Сарымсақ иммундық жүйені күшейтіп, адамның қорғаныс күштерін айтарлықтай арттырады. Дегенмен, асқазан ауруы бар адамдарға сарымсақты шамадан тыс қолдануға тыйым салынады.
Пияздың барлық пайдалы қасиетін тізіп айту оңай емес. Денсаулығыңыз мықты және иммунитетіңіз жоғары болсын десеңіз, бұл көкөніс рационда міндетті түрде болуы керек. Пияз құрамында витаминдер мен минералдардан басқа құнды органикалық қышқылдар мен эфир майлары бар. Пияз тұмау мен суық тиюге қарсы күресте таптырмас құрал. Сонымен қатар ол зат алмасуды белсендіреді, қанды тазартады, қатерлі ісікпен күресуге көмектеседі және табиғи афродизиак болып табылады.
Болгар бұрышында лимон мен қарақатқа қарағанда С дәрумені әлдеқайда көп екенін көбі біле бермейді. Аскорбин қышқылының ең жоғары концентрациясы да сабағында орналасқанын білу керек. Болгар бұрышында сондай-ақ B, P, PP тобындағы витаминдер, калий, натрий, кальций, темір, фосфор бар. Бұл көкөністі үнемі тұтыну ағзны тазалауға, ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартуға көмектеседі. Болгар бұрышының қатерлі ісікпен күресуде тиімді екендігі дәлелденді.
Қызылша тек табиғи қанттың көзі ғана емес, ол витаминдер мен микроэлементтерге, соның ішінде йод, магний, калий, кальций, темір, фосфорға бай. Қызылша ас қорытуды және зат алмасуды жақсартады, организмнен токсиндерді кетіреді, асқазанның, бауырдың, жүрек-тамыр жүйесінің жұмысына жақсы әсер етеді.
Ақ қырыққабаттың құрамында барлық дерлік маңызды витамин мен минерал бар. Қырыққабат сонымен қатар адам ағзасы өздігінен өндіре алмайтын U витаминінің көзі болып табылады. Бұл зат қатерлі ісікпен күресуге көмектеседі және ішек аурулары, гастрит, асқазан жарасы сияқты бірқатар аурулардың алдын алады. Сонымен қатар, қырыққабат ағзадағы зат алмасу процестерін қалыпқа келтіреді және жүрек пен қан тамырларына оң әсер етеді.
Картоп – пайдалы және тойымды өнім болғандықтан, одан көптеген дәмді тағам дайындауға болады. Дегенмен пешке пісірілген немесе қабығымен қайнатылғанға картопқа басымдық беру керек. Сонда ғана ол пайдалы заттардың жоғарғы мөлшерін сақтайды. Картоптың құрамында адамға қажетті аминқышқылдың барлық дерлік түрі бар. Бұл өнім ағзадан артық сұйықтықты тиімді түрде жояйып, бүйректің жұмысын қалыпқа келтіреді. Картоп асқазан-ішек жолдары мен атеросклероз проблемалары кезінде пайдалы.
Мойындау керек, жоғарыда аталған көкөністер күнделікті қолданылғанымен, қазақтың дастарханында кәді көп кездесе бермейді. Бірақ кәдінің құрамында жасұнық, С және В витаминдері, кальций, калий, магний және фосфор өте көп. Егер сіз өзіңізді авитаминоздан қорғағыңыз келсе, онда бұл өнімді рационға міндетті түрде қосуды ұмытпаңыз.