Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Денсаулыққа пайдалы тағамдар

Неміс ғалымдары денсаулыққа пайдалы тағамдардың тізімін жасады. Ол тізімде біз күнделікті тұтынатын тағамдар мен жеміс-жидектер, көкөністер де бар екен. Қайсысының көбірек пайдалы екенін білу арқылы көп аурудың алдын аламыз.

1. Алмалар. Неміс әжейлер «Күніне бір алма жейтін болсаң, дәрігерлер жұмыссыз қалады» деп айтады екен. Ғалымдар осы сөздің растығын дәлелдеді. Мысалы, күніне бір алма жейтін адамдардың Альцгеймер ауруына шалдығу қаупі төмен. Алма асқазанның тамақты жылдам қорытуына, қатерлі ісікті болдыратын жасушалардың дамымауына әсер етеді. Құрамында жүрек-қан тамырлары ауруын алдын алатын дәрумендер мен микроэлементтер көп.

2. Балық. Денсаулығыңызға алаңдап жүрсеңіз, еттің орнына балықты көбірек жеңіз. Оны аптасына 3 рет, түскі асқа 30 г-нан жейтін болсаңыз, жүрек талмасының болу қаупі 50%-ға төмендейді. Балықты көп жейтін жапония мен эскимос халқы ұзақ өмір сүреді. Миға өте пайдалы, жүйке-жүйесі жасушаларын қайта қалпына келтіреді. Балықтар да алмалар секілді Альцгеймер ауруына шалдығу қауіпін төмендетеді.

3. Сарымсақ. Бізде қансорғыштар туралы аңыздар көп айтылмайды. Шетелдік аңыздардың желісіне сүйенсек, қансорғыштардан сарымсақтың иісінен қашады. Оның құрамындағы эфир майлары мен фитонцидтерден қансорғыштар ғана емес, бактериялар мен вирустар да қорқады екен. Мұнымен қатар, асқазан мен ішек ісігін болдырмайды. Қан-тамырлары ауруын алдын алады әрі ас қорытуға көмектеседі.

4. Құлпынай. Ол өте тәтті әрі денсаулыққа пайдалы. Құлпынайдың құрамында лимонға қарағанда С дәрумені өте көп. Оның құрамындағы темір иммунитетті нығайтады. Ісікті алдын алатын кейбір бояғыш зат пен эфир майы бар. Ал мырыш қыз-бойжеткендердің денсаулығына пайдалы.

5. Сәбіз. Кішкентай кезімізден сүйіп жейтін, денсаулыққа пайдалы бұл көкөніс ісікті алдын алады. Құрамындағы бета-каротин тері мен көру қабілетіне ерекше әсер етеді. Бета-каротин майда күшті еритіндіктен, сәбіз қосылған салатты міндетті түрде өсімдік майымен, қаймақпен араластырған жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Зейін қою қабілетін қалай қалпына келтіруге болады?

redaktor_qazyr

Компьютердің пайда болу тарихы

redaktor_qazyr

Секпіл

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz