Депутат Нұртай Сабильянов: Жастарға бойдақ салығын салудың қажеті жоқ,оларға жағдай жасауымыз керек
Қазақстанда бойдақ салығын енгізу мәселесі қоғамда талқыланып жатқанда, Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов бұл салықтың қажеті жоқ екенін мәлімдеді. Оның пікірінше, жастарды салықпен жүктегеннен гөрі, олардың кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау көрсетіп, лайықты жағдай жасау маңызды.
Депутат жастарға көмек көрсету бірінші кезекте тұрған мәселе екенін атап өтті. Оның ойынша, мемлекет жас азаматтарға білім алуға, кәсіп бастауға және жұмысқа орналасуға мүмкіндік беруі тиіс.
«Мен де бойдақ салығын төледім»Нұртай Сабильянов өз өмірінен мысал келтіріп, 1988-1991 жылдары бойдақ салығын төлегенін айтты.«Мен ол кезде Алматы электротехникалық зауытында жұмыс істедім. Жалақымнан бойдақ салығы ұсталып отырды,» – деді депутат.
Ол сол кезеңде мұндай салықтың болғанын еске ала отырып, қазіргі уақытта оның қажеттілігі жоқ екенін жеткізді. Сабильяновтың айтуынша, жастарға салық салғаннан гөрі, олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар қабылдау әлдеқайда тиімді болмақ.