Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа мұғалімдерді заңсыз қудалауды тоқтатуын айтты.

«Осыдан 13 ай бұрын сізді министр ретінде ұсынғанда қолдап едім. Бірақ осы уақыт аралығында мәселелер шешілмеді. Біздің комитетке екі рет келдіңіз. Қаншама сұрақ қойдым, сіз үйіп-төгіп уәде беріп кеттіңіз. Бірақ біреуі де орындалмады», – деді депутат.