Qazyr.kz порталы
ҚазірРуханият

Дос туралы мақал-мәтелдер

Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.

***

Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.

***

Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң — қаларсың ұятқа.

***

Жаман дос — көлеңке: басыңды күн шалса — қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса — іздеп таба алмайсың.

***

Көп кісі досым жетілсе екен демейді, егерде бірі жетілсе бағанағы досына бітімі жоқ дұшпаны сол болатұғыны қалай?

***

Кей құрбы бүгін — тату, ертең — қату,

Тілеуі, жақындығы — бәрі сату.

***

Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіртіп айтады.

***

Жаман достан мың сақтан.

***

Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.

***

Дос басқа, дұшпан аяққа қарайды.

***

Дос та дос, дұшпан да дос мал барында.

***

Ағаш тамырымен мықты,

Адам дос-жарымен мықты.

***

Дос — ажарың, жолдас — базарың.

***

Алыстағы досыңа ат берсең де жарасар — үйіне мініп барсын деп.
Жақындағы досыңа хат берсең де жарасар — ұмытса есіне алсын деп.

***

Жолдасың көп болса,

Жалғызбын деме

***

Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар

***

Жаңа досың жаныңда болса, ескі досың есіңде болсын.

Ұқсас жаңалықтар

Сіз қай түсті ұнатасыз?

Redaktor Site

Түркістан облысы: Монтайтастық тұрғындар 1 айдан бері ауыз суға зәру

redaktor_qazyr

Ұл баланы неге сүндетке отырғызады?Тарихи шолу мен деректер

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz