Qazyr.kz порталы
Руханият

Дұшпаның жара салғанда…

Өмірдің мына,
Жалғанын білем…
Дұшпаның сірә,
Шалғанын білем.

Жаныңа жара,
Салғанын білем…
Көңілің қатты,
Қалғанын білем.

Мұңайма балам,
Ауырып жараң…
Тұрса да шыда,
Бұл- сабақ саған.

Өмір осылай,
Құлап тұрасың.
Өтірік күліп…
Жылап тұрасың.

Құдайдан медет,
Сұрап тұрасың…
Одан да биікті,
Мұрат қыласың.

Ата- ана көңілі,
Алаң- ды балам…
Білдірме жауға,
Жараңды балам.

Тағдыр тәлкекке түсірмейтіндей,
Көрінем жаныңды түсінбейтіндей.
Мен- дағы талай қансырағанмын,
Жаным қаламай, хал сұрағанын…

Қасірет басып,
Сансырамадым,
Арымды сөйтіп,,
Аршып алғанмын.

Дұшпан аяқтан шалған кездерде,
Жаның жаралы болған кездерде.
Есіңе сақта, ұмытпай балам,
Қайғыңмен бетпе — бет қалған кездерде.

Жігерсіз іріп,
Қирап, сынады.
Жігерлі жігіт
Ширап шығады,
Өмір дегенің бір үлкен мектеп,
Қатеңнен сабақ жинаттырады.

Әділбек ҚАБА

Qazyr.kz | Қазір.кз | Қазіргі жаңалықтар 

Ұқсас жаңалықтар

Шыңғыс хан туралы біз білмейтін деректер

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Мехнат Теміртасқызы-Қайдасың?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz