Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Екі жас бір-бірін қалай таниды?

Фото: freepik.com

«Махаббат шеңбері теориясында» төрт кезең қарастырылады:
1) өзара байланыс орнату (критерий – әлеуметтік-мәдени факторларға тәуелді жеңіл қарым-қатынас);
2) өзіндік ашылу – сенімнің туындауы, басқаның алдын да ашылу мүмкіндігі;
3) екі жақты тәуелділікті қалыптастыру (бір-біріне қа- жеттілік сезімінің негізінде);
4) тұлғаның базалық қажеттіліктерін жүзеге асыру.
Жалпы талданған теориялар үшін: оның барлығы гомо- гамияның әлеуметтік-мәдени принципіне, жұпты таңдау меха- низміне негізделіп, фильтрлер жүйесі ретінде қарастырылады. Олар біртіндеп қажет еместерді сырып, мүмкін болатын үміт- керлердің шеңберін ығыстырады. Қорытынды кезеңде бір-біріне ерлі-зайыпты ретінде қатты жақын еркек пен әйелдің жұбы қа- лады.
«Идентификация» деп аталатын некелік жұпты таңдау- дағы мотивтердің бағытын зерттеу психоанализдің өзіндік әдіс- намалық қайнар көзінен тұрады.
Осы бағыт өкілдерінің болжауынша, жұбайын таңдау кезіндегі баланың ата-анасымен идентификациясы идеалды жұбай сияқты қарама-қарсы жыныстағы ата-анасы жайлы қалыптасқан көзқарастарына негізделіп жұп іздеуден көрінеді. Осы теория бойынша некеге қанағаттану жұбайының ата-анасының бейне- сіне ұқсауына байланысты.

Ұқсас жаңалықтар

Неге қазіргі оқушылар мұғалімді сыйлаудан қалды?

redaktor_qazyr

Көліктің аккумуляторы нашарласа не істеу керек?

redaktor_qazyr

Жүрек сырқаттарын емдеу

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz