Соңғы 8 ай бойы «AMANAT» партиясының белсенділері мен жақтастары апта сайын Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Таза бейсенбі» акциясын өткізуде. Осы уақыт ішінде 50 мыңға жуық адам өзен жағалаулары, орман алқаптары, өнеркәсіптік аймақтар мен жол бойындағы аумақтардан 90 мың тоннаға жуық қоқыс жинады.
Өткен жылдың сәуір айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» науқанын бастауға шақырып, Қазақстанды көгалдандыру мен өңірлердегі аумақтарды қоқыстан тазартуға үнемі назар аудару қажеттігін айтқан еді. Президент бұл бір реттік шара емес екенін ерекше атап өтіп, әр үй, аула, тұрғын үй кешені, саябақ және басқа да жерлер назардан тыс қалмауға тиіс екенін айтты.
Осылайша, Шығыс Қазақстан облысының Миролюбов ауылдық округінде шамамен 40 адам қар тазалау жұмыстарына шықты. Белсенділер Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштерді мұздан тазалап, ауылдың қарт тұрғындарының аулаларын жинастырды.
«Біздің өңірдегі қыс қатал. Жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмектесу қажет. Сондықтан «Таза бейсенбі» тек экологияны қорғау ғана емес, аға буын өкілдеріне қолдау көрсетуді де білдіреді. Бұдан бөлек, биыл Жеңістің 80 жылдығына орай біз қасиетті орындар мен ескерткіштерді ретке келтіріп, жастарға аталарымыз бен бабаларымыздың ерліктерін сақтаудың маңыздылығын түсіндірудеміз», – деді «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Аманбай Нұркенов.
Қызылорда облысының партия белсенділері де белсенділік танытуда. Айтеке би кентінде «Жастар рухы» ұйымының белсенділері мен жергілікті тұрғындар елді мекеннен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолына дейінгі жол бойындағы шамамен 1 тонна қоқысты жинады.
«Бүгінде әлемдегі өзекті әрі маңызды мәселелердің бірі – тұрмыстық қалдықтардың көбеюі. Бұл экологияға үлкен зиян келтіреді, өйткені топырақ пен суды жүздеген жылдар бойы ластайды. Ауыл тұрғындарымен бірге біз бұл акцияға апта сайын қатысуға тырысамыз. Себебі бұл – менің туған жерім. Мұнда әрдайым таза әрі ұқыпты болғанын қалаймын», – деді волонтер Сұлтан Ахметұлы. 1 ақпаннан бастап Ресеймен шекара уақытша жабылады