Миттал Қазақстанға «кіру» үшін 100 млн доллар параны кімге берді?
Бұған дейін саясаткер Болат Әбілев әріптесіміз Борейкоға берген сұхбатында миллиардер Лакшми Митталдың қазақ жеріне қалай және кімнің ықпалымен келгенін айтқан. «Миттал мырза Қазақстанға Машкевичтің арқасында 1995 жылы күзде келді. Сол жылы Мұхтар Жәкішев екеумізді аустриялық Voestalpine («Фест Альпине») компаниясымен бірге «Қарметкомбинаттан» қуып шықты. Сосын ештеңе істеуге тырысқан да, талпынған да…