Qazyr.kz
БілімМәдениет

Электронды орындықтың шығу тарихы

Осыдан 135 жыл бұрын өлiм жазасына кесу құрылғысы пайда болды. 1890 жылы 6 тамызда Американың Оберн қаласында Уильям Кеммлер өлім жазасына кесілді. Ол адамдар оны өлiм жазасына кесуiнiң себебі: ол мас күйінде өзінiң қызын балталап өлтiрген. Тарихта ол электрлі орындықта өлім жазасына кесілген тұңғыш адам атанды.

Кеммлердің ақырғы күні таңғы сағат 05:00 басталды. Ұйқысынан оянған ол үстіне ақ көйлегін киіп галстук тағып сыртынан костюм киіп болған соң таңғы асын ішіп барып Құдайға құлшылық ете бастады. Содан түрме күзетшілерi оның басын тегіс тақырлап тастады да оны 17 куәгер күтіп отырған сот залына әкелді. Сонда Кеммлер:

«Мырзалар баршаңызға сәттілік тілеймін. Мен өзімдi жақсы жерге баратыныма кәміл сенемін және оған дайынмын» — дейді.

Куәгерлердің айтуынша сотталушы өзін сабырлы танытып еш қарсылық көрсетпеген. Оның әзіл-қалжыңдары оны электрлі орындыққа отырғызғанда да еш қалдырмады. Түрме күзетшілерi оны байлап басына арнайы бетперде кигізіп жатқанда да ол үкім орындаушысымен қалжыңдасып: «Асықпай жұмысыңды iстей бер! Мен ешқайда қашпаймын» — дейді.

Алғашқы сәттерде Кеммлердi өлім жазасына кесу оңайға соқпады. Бiрақ соған қарамастан тоқ көзі 17 секунд бойы оның үстімен өтiп жатса да ол сонда да аман қалды. Кейін қуат көзін қайта зарядтаудан өткiзгеннен кейін кернеу күшiн 2000 вольтке дейін көтергенде Кеммлер өртене бастады да ол жан дауысымен айғайлады. Бұл сәт екі минутқа созылды.

Тек сонда ғана сотталушының шашы мен денесі түгел жанып сот залында күйік пен қуырылған еттің иici шыға кетті. Сонда дәрігерлер оның өлгенiн жариялады.

«Шаш пен денеге жалғанған электродтар қалай жанып кеткені байқалды. Ал иici деген адам төзгісіз» — дейді. Өлім жазасына қатысқан «The New York Times» газетінің тілшісі. Бұл процесс 8 минутқа созылды.

Жаңа әдіспен өлім жазасына кесу қоғамда баспасөз газеттерінде түрлі реакция тудырды. Америкалық кәсіпкер Джордж Вестингауз жаңа әдіс түрі электрлі орындық құрлығысына қарсылық танытқан әрi америкалық өнертапқыш Томас Эдисонның басты жауы атанған ол былай дейді:

«Байғұсты тоққа салып азаптағанша балталап өлтiре салу керек еді. Сонша қинағандарын болмады»

1890 жылы 8 қазанда «The New York Times» газеті Чарльз Макдональдтың баяндамасын жариялады. Ол өлім жазасына кесу кезінде жұмыс істеген Уильям Кеммлердің өлімін жариялаған дәрігерлердiң бірі. Әрi өзінің баяндамасында: Дарға асу кезінде әбден қылқынған сотталушы ұзақ уақыт асылып тұрғаннан гөрі электр тоғымен өлтіре салу өте қолайлырақ дедi. Бұл кенеттен болатын өлімге де алдын ала үкімді орындау жылдамдығына да қатысты.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Ғалым Жайлыбай

Redaktor Site

Гүліме өлең

redaktor_qazyr

Қиялдың қаншалықты шарықтайтынын білесіз бе?

Redaktor Site

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты