Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғам

Елімізде авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару саласында цифрлық платформа іске қосылмақ

Қазақстандық авторлар мен композиторлар өз туындылары үшін өтемақы алу проблемаларын жиі айтады. Мүліктік құқықтарды басқарушы ұйым өз жұмысын сапалы әрі толық орындамайтынына қатысты шағымдар көп. Осы мәселелерді шешу үшін арнайы цифрлық платформаны іске асыру жоспарланған. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ОКҚ баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, бұл платформа арқылы тараптар өз кабинетіне кіріп, барлық өнер туындының қайда орындалып жатқанын, қанша төлемақы тиесілі екенін және жыл соңында қанша қаражат алатынын онлайн режимде бақылып, көріп отырады.

«Зияткерлік меншік құқығын қорғауға қатысты айтар болсақ аумақтық әділет органдары жарты жылда 152  акт шығарды. Тексерулер нәтижесінде 138 заң бұзушылық анықталды. ӘҚБтК-нің 156-бабы бойынша 142 іс қозғалды. Заңсыз айналымнан 78 711 контрафактілік өнім тәркіленді. Осы бағыт бойынша жұмыс жалғасады», – деді спикер.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Қырғызстандағы су станциясының құрылысына кепілдік береді

redaktor_qazyr

Қазақстандықтар Ираннан Әзербайжан арқылы елге келді

admin_qazyr

Арыс қаласында мотоцикл мінген екі белгісіз адам, тұрғын үй иесіне оқ атып өлтіріп кетті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz