-1.7 C
Шымкент
22-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Елімізде еңбекке жарамсыздық парағы тек электронды түрде берілуі мүмкін

Елімізде еңбекке жарамсыздық парағы тек электронды түрде берілуі мүмкін,деп хабарлайды Qazyr.kz.

Қазақстанда еңбекке жарамсыздық парағын беру жүйесінде маңызды өзгерістер енгізілмек. Денсаулық сақтау министрлігі қағаз түріндегі құжаттарды оңтайландыру және пайдалану көлемін азайту мақсатында, еңбекке жарамсыздық парағын тек электронды түрде беру жүйесін енгізуді жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда азаматтар «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» қызметін қағаз нұсқасында да, электронды түрде де ала алады. Бұл жаңашылдық қағаз құжаттарын қысқарту, цифрландыру деңгейін арттыру және әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған. Электронды еңбекке жарамсыздық парағын алу азаматтардың уақытын үнемдеуге және құжат айналымының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл өзгерісті енгізу үшін арнайы қоғамдық талқылау ұйымдастырып, барлық азаматтарға өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік беріп отыр. Қоғамдық талқылау 3 ақпанға дейін жалғасады, осы аралықта кез келген азамат ұсыныс-пікірлерін білдіре алады.

Бұл өзгеріс еліміздегі медициналық және әкімшілік жүйенің заманауи талаптарға сай болуына жағдай жасап, электронды қызметтердің аясын кеңейтуге септігін тигізбек.

Ұқсас жаңалықтар

Ақұштап Бақтыгеерева — мұңаяйын десем

redaktor_qazyr

Алимет төлемей жүргендер құмар ойынынан ақша ұтып келген

Redaktor Site

Түркістан: Ордабасыда 300 адамды жұмыспен қамтитын бірнеше кәсіпорын іске қосылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz