Qazyr.kz
Пайдалы кеңестер

Емізу кезінде алаңдауға болмайтын нәрселер

Баланы емізу абыржып-мазасыздану сәті емес, өзара байланысты нығайту, демалу және қуану уақыты болуы тиіс. Сіз және балаңыз үшін емізу тыныш және жағымды болсын десеңіз, үш қағидатты есте сақтаңыз.

1. Ана сүтін емізуді тоқтатудың міндетті мерзімдері жоқ

Сәбиіңізді емшектен қашан шығаруға болатынын білмейсіз бе? Егер Сіздің 15 айлық сәбиіңізге де, өзіңізге де емшекпен емізу ұнайтын болса, онда жалғастыра беріңіз.

6 айдан бастап сәби қатты тамақтан сіңімді заттарды алып, емшек сүтін азайтуы мүмкін. Емшектен шығарудың ең қарапайым және табиғи жолы – балаңыздың емшектен бас тартуын күту. Уақыты келгенін өзіңіз де сезетін боласыз!

2. Ана сүтінде немесе балаларға арналған қоспада балаға қажетті ылғал бар

Отбасының кейбір тілеулес достарыңыз ең жақсы ниетпен, ылғал жоғалтудыдың алдын алу мақсатында, әсіресе, жаздың ыстық күні балаңызға су беруді ұсынуы мүмкін.

Алайда, суға тойып алған сәби ему кезінде алынатын маңызды сіңімді заттарды құр жіберіп алады. Сондықтан, сәбиге су беру туралы кеңесті елемеңіз. Себебі, бала қажетті сұйықтықты ана сүтінен де, сүт қоспасынан да алады. (Балаға су беру керек болатын жалғыз жағдай – баланың ауырған кезі. Себебі, ол кезде баланың құсуына немесе ішінің өтуіне байланысты ағзадағы сұйықтық азаюы мүмкін.)

3. Бірінші қатты өнім ретінде жеміс немесе көкөніс беруге болады

6 айында сау бала езбе ретінде дәмді тағамдардың кейбір түрлерін жеуге дайын болады. Бұрынғы кезде ата-аналарға басқа өнімдерді рационға енгізбей тұрып күріштен немесе дәнді дақылдың қандай да бір басқа түрінен ботқа жасау кеңес етілсе, қазір сәбидің бірінші жейтін керемет өнімі ретінде жеміс-жидек пен көкөніс (мысалы, бананнан немесе авокадодан жасалған езбе) ұсынылады.

Сәбиге кәдімгі асты беруге қорықпаңыз. Оның жұмсақ екендігіне және бір ингредиенттен құралатынына көз жеткізіңіз. Кейіннен тамақ түрлерін көбейтіп, сәбидің жақсы көргенін беруге тырысыңыз.

Тамақ беру уақыты – ананың сәбиге жақындай түсетін керемет уақыты. Осы кеңестерді орындайтын болсаңыз, балаңыз да тоқ және мәз болады!

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Уақыттың 12 құпиясы

Redaktor Site

Безеудің пайда болу себебі

redaktor_qazyr

Шаштың қалың әрі түспеуі үшін не істеу керек?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты